Қарағанды облысында туризм қалай дамып жатыр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы 2022 жылы 360 мыңнан астам туристі, оның ішінде 16 мыңға жуық шетелдіктерді қабылдады. Биылғы жылы көрсеткіш бұдан да жоғары болады деп күтілуде. Ол үшін жағдай жасалуда: демалыс орындары абаттандырылуда, Алматы мен Астанадан Балқашқа күнделікті рейстер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыс тұрғындарының өтініші бойынша Қарағанды – Балқаш пойызына тағы екі вагон қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.