Жыл сайын 40 мыңнан астам адамнан қатерлі ісік табылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде жыл сайын 13 мыңға жуық адам қатерлі ісік ауруынан көз жұмады. Жылына 40 мыңнан астам тұрғыннан онкологиялық дерт анықталады. Оның 5 мыңы - сүт безі, 4 мыңға жуығы - өкпе рагы. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Best of ASCO Kazakhstan-2023 онкологтар саммитінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.