Неліктен мұхиттардың түсі өзгеріп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі мұхиттар 20 жыл бұрынғыдан өзгеше. Nature журналында осы аптада жарияланған зерттеуге сәйкес, әлемдік мұхиттардың 56% түсін өзгерткен. Көк мұхиттар уақыт өте келе жасыл түске боялған. Әсіресе экватор маңындағы тропикалық мұхит суына зиян келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News-ке сілтеме жасап.