Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы
Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін біртұтас, тұтас көркем дүние ретінде қарастырсақ, ондағы Шәкәрім шығармашылығының алатын орасан зор орнын байқамай кетуге болмайды. Көбінесе бұл, әдебиеттің рөлін жаңаша түсінуге және қаламгердің қоғамдағы орынын іздеумен байланысты.
Тарихта ақынның қасіретті жаны, кеніш, көңілі, трагедиялық тағдыры айқын таңбаланған. Сонымен қатар шығармаларынан өзгеше мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Бір пендеге ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар. Өлең өресін, өнер биігін айқындайтын көрсеткіш. Және біздің туған тілімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін болған жетістік.
Шәкәрім 1858 жылы Шыңғыстауда дүниеге келді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жеті ағайынды және оның бірі Абай еді. Және алты жасында әкесінен...