Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысы мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте министрліктер мен әкімдіктердің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту, мектептердің санитариясы, тамақтандыруды және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен сауықтыру лагерлерін құру жөніндегі жұмыстарының қорытындылары тыңдалды. ҚазАқпарат бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.