Мектеп кітапханашылары «педагог» лауазымына теңестірілуі мүмкін
Мектеп кітапханашыларын «педагог» лауазымына теңестіру мәселесі пысықталады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған.
«Оқу-ағарту министрлігі биыл 2 165 орта білім беру ұйымы кітапханашыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлап отыр. Курста IT-құзыреттілік пен цифрлық сауаттылық, авторлық құқық, заманауи кітапханашының Soft және Hard skills дағдылары, кітапханаларды әлеуметтік желілерде ілгерілету, кітапханадағы нетворкинг сияқты кең ауқымды тақырыптары қамтылған», - деп атап өтеді Тамара Дүйсенова жауабында.
Оның атап өтуінше, мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында «педагог-кітапханашы» лауазымы қарастырылмаған.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің...