Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі ел басшыларына отандық IT шешімдер таныстырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік органдардың азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін IT платформалар жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.