Павлодар маңында анасы мен балалары отырған көлік батып кетті
![Павлодар маңында анасы мен балалары отырған көлік батып кетті](https://kaz.tengrinews.kz//userdata/news_kk/2023/news_353503/thumb_b/photo_115380.jpeg)
Павлодар маңында анасы мен балалары отырған көлік батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Павлодар ауылында болды. Әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі көліктен шығарылған. Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, құтқарушылар 25 тамызда сағат 22:53-те Ертістен қаза тапқандардың денесін шығарып алған.
"1980 жылы туылған әйел мен оның 6 және 9 жастағы екі баласы қайтыс болды, олар кешкі сағат 21:40 шамасында жеңіл көлікпен өзенге түсіп, өздігінен шыға алмаған", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!