Ақтауда 29 жастағы жігіт Каспий теңізіне экскаватормен түскен
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде 28 тамыз күні Каспий теңізіне экскаватормен түскен жүргізушінің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.