Таразда екі адам қазаға ұшыраған жол-көлік апатынан кейін автобус жүргізушісі тұтқындалды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздың №2 соты 27 жастағы қалалық жолбағыт автобусының жүргізушісін қамауға алуға санкция берді. Ол жол-көлік апатын жасауға, оның салдарынан екі жолаушы қазаға ұшырап, 9-ы әртүрлі жарақат алуына айыпталуда. Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.