Журналистиканың құқықтық негіздері
Бұқаралық ақпарат құралдары биліктің іс-әрекеттеріне баға береді, ал шын мәнінде, БАҚ адам құқығын қорғаудың маңызы тірегі болып табылады. Дегенмен, ақпарат құралдары тиімді жұмыс жасауы үшін өздері де адам құқығына тәуелді.
Елімізде журналистердің жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсеткендерден көрі журналистердің өзі жиі жазаға тартылады екен. Соңғы жиырма жылдың өзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне негізсіз қарсы шықты деген айыпқа ілінгендер саусақпен санарлық. Ал БАҚ қызметкерлерінің үстінен қозғалып жатқан істер том-томымен тіркелген. Журналист құқығы құрғақ сөз бе? Ақпарат майданындағылар өздерін қалай қорғай алады?
"Хабар24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенді Әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны есімізде.
Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму экс министрі Аида Балаева...