Қаржылық сауаттылық деген не және оны қалай арттырамыз?
Соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, Қазақстандағы қаржылық сауаттылық индексі 40,2 % құрайды. Бұл көрсеткішті қалай көтереміз? Қаржылай сауаттылар санатына қалай қосыламыз?
Қаржылық сауаттылық - қаржыны тиімді басқару үшін қажетті білім мен дағдылар деңгейін қамтитын түсінік. Ол қаржылық ұғымдарды түсінуді, бюджеттеуді, инвестициялауды, қарыздарды басқаруды, зейнетақыны жоспарлауды, сондай-ақ қаржылық мүдделеріңізді қорғауды қамтиды.
Қаржылай сауатты адам өзінің қаржысын басқаруда дұрыс шешімдерді қабылдауға, тәуекелдерді азайтуға, жинақ жинауға және қаржылық мақсаттарына жетуге қабілетті. Қаржылай сауатты болу әр адам үшін маңызды: жасына, кәсібіне немесе табысына қарамастан. Қаржылық сауаттылық қаржылық тұрақтылық пен әл-ауқатқа тікелей ықпал етеді.
Қаржылық сауаттылықтың маңызын тізсек, тізе береміз:
1. Дұрыс шешім қабылдау: қаржы негіздерін білу шығындар, инвестициялар, несиелер және бюджетті жоспарлау туралы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
2. Қаржылық тәуелсіздік: қаржыны дұрыс басқару ақша...