Менің ҚазҰУым
Табалдырығы талайды тоздырған, тау тұлғалар армандаған, тау мүсініндей алыс әрі жақынсың- ҚазҰУ. Ыстықсың, қымбатсың, тым биіксің. Асылында, адам екі таңдаудан қателеспеуі керек. Ал, мен дәл осы қарашаңырақта, осы мамандықты таңдап, білім алғаныма мақтанамын, бұл мен үшін мәртебе. Себебі, ҚазҰУ мен үшін мүмкіндіктер мекені. Әсемдікті де, биіктікті де, таудай талапты да дәл осы универден үйрендім.
1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын, абыройын әлі күнге дейін сақтап келеді. Университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.
ҚазҰУ жолықтырған ортаймас ортаң үшін, тауға...