Махаббат қызық, мол жылдар
«Мен оларды жақсы кѳрдім. Бірақ олар маған қарамады, - деп бастады Ербол әңгімесін. - Жалғыз қыз ғана жанымды ұқты, тек соны айтайын мен сізге».
«Махаббат жайына келер болсақ... Оның бәрі адамға дүниеде теңдесі жоқ рахат беретіндігінде. Жүрегіне махаббаттың нұры түскен жанның жай жұрттардан өзгешелігі оның айналасының бәрі күліп, қуанып тұрғандай күйде болады. Кейін сол сәтті еске алудың өзі екеуін ерекше елдіртіп,өзгеше шаттыққа бөлейді. Осы қуанышқа жету үшін адамдар аса қиын ерліктер жасауға дейін барады. Мені махаббаттың улы жыланы шақты аямай. Жаныма дәрі, дертіме шипа сен ғана», - деп өзінің арнауын мәнерлетіп оқып береді.
Алғашқы пәк махаббат. Жер бетінде шегі мен шеті жоқ адамдардың арасынан тек екі жүректің бір –біріне арналып дүрс – дүрс соғуы. Соғыстан аман – есен келген Ербол білім жолында Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне жол тартады. Көп қыздың...