Қорғалжың
Қорғалжың қысқаметражды фильмі. Бұл фильм Қазақстанның қорғауына алынған 9 қорықтың бірі Қорғалжың туралы. Бірден фильм туралы айтар болсам, қысқа нұсқа өте түсінікті өзіндік ерекше атмосферасы бар фильм. Режиссёрі Диас Әзімжан. Бұл деректі фильм сұхбат форматында түсірілген. Бірақ соның өзінде адамды бірден өзіне үйіріп әкетеді. Фильм Қорғалжың туралы тың ақпараттарға толы. Он жеті минут болсада ішінен іліп алар ақпарат көп. Мысалға келтіретін болсақ, қазақтың халық әні “Дудар-ай” осы өлкеден шыққан және әлі күнге дейін халық жадынан өшкен жоқ. Бұл деректі фильмнің тағы бір ерекшелігі фильмде Қорғалжыңның тіршілігін терең көрсете білген. Қазақ үшін киелі Киіктерде сол жерде көптеп мекендейді. Киіктер біз үшін...