Хиуа ханы мен Сырым (II нұсқа)
Сырым батырдың келе жатқанын естіген хан алдынан үй тіккізіп, құрмет көрсетіп, алдап қолға түсіруді ойлайды. Ең болмаса елге күлкі ғып, абыройын түсіріп жібергісі келеді.
Сырым хан ордасының табалдырығын аттай бергенде, хан:
— Батыр, аяғыңызда нәжіс бар ғой! — дейді.
— Тақсыр, ордаңыз дін ашылған жер екен десем, боқ басылған жер ме еді, — деп аяғын кілемнің шетіне сүртіп өрлеп келіп отырады.
Хан амандасқаннан кейін:
— Батыр, әртүрлі қызық тамашамыз бар. Сізді соның ішінде болсын деп шақыртып едім. Балуанға түсетін жігітіңіз, бәйгеге шабатын жүйрігіңіз, айтысатын шешеніңіз бар ма? — дейді.
— Хан, хабарсызбыз, қамданып келгеніміз жоқ. Сөйтсе де ат астымызда, жігіт...