Журналистикадағы этика
Бақыт Нұрай
Журналистика қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі, биліктің 4‑ші иесі. Ол қоғам пікірінің қалыптасуы барысында маңызды рөл атқарады. Алайда, бұл маңыздылықтың артында үлкен жауапкершіліктің жатқандығын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан, журналистикадағы этика шындық үшін шырылдап, ақиқат үшін айқасқан әрбір маманның қаруына айналмақ.
Журналистикадағы этиканың негізгі принциптерінің бірі – көпжақтылық. Журналист оқырмандарына оқиғаны баяндай отырып, оның еш тұсын жасырып яки жалған айтып қалмауын ескеруі керек. Көптің талқысына түсер міселені бір жақты ғана ұсынатын және оған қолдау табуды мақсат ететін маман жардан құлап, сөз шындығы зардап шегеді. Журналистикадағы этика: жан‑жақтылықты талап етеді.
Ақпаратты бұрмалау – журналистикада кездесетін тағы бір мәселе. Оқырмандардың назарын аудару яки...