Жетісудағы жұмыссыз жастар мәселесі қалай шешілуде?
700 мыңға жетер-жетпес тұрғын саны бар Жетісу облысын еліміздегі адами әлеуеті ең жас өңірлердің қатарына жатқызуға болады. Өйткені, аймақтағы 14 пен 35 жас аралығындағы бозбала мен бойжеткендердің саны жалпы өңір халқының 47,6 пайызын құрайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.