Берік Асылов тұрмыстағы зорлық-зомбылық жөнінде: Ешкімнің шеніне қарамайық
Соңғы бір тоқсанда әкімшілік жауапкершілікке тартылған үйбұзарлардың саны 7 мыңнан 27 мыңға дейін артты. Бас прокурор Берік Асылов отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Kazinform.