Қырғызстандағы дінтану пәні
Қырғызстандағы дінтану пәні елдің мәдени және білім беру саясатының маңызды аспектісі болып табылады. Соңғы жылдары Қырғызстанда әртүрлі діни қауымдастықтар арасындағы толеранттылықтылықты дамытуға аса қатты назар аударуда. Сондай-ақ дін бостандығын қорғау саясаты іске асырылуда. Дінтанулық білім қоғамдағы құндылықтарды, этика мен моральды қалыптастыруда да маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Қырғызстандағы көптеген мектептер мен оқу орындары оқушылардың жалпы мәдени сауаттылығын арттыру мақсатында жалпы білім беру бағдарламасының бөлігі ретінде діни аспектілерді зерттеуге де назар аударады. Дегенмен, қазіргі дамып келе жатқан қоғам контекстінде барлық азаматтардың діни сенімдеріне қарамастан, діни және зайырлы білім аражігін ажыратып алу керек. Қырғызстандағы діни білім туралы зерттеулер мен пікірталастар діни бостандық, әртүрлі діндерді өзара құрметтеу және елдегі мәдени және діни әртүрлілікті көрсететін сапалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу сияқты маңызды аспектілерге назар аударуы мүмкін. Қазіргі таңда Қырғызстандағы діни білім мемлекеттің ерекше бақылауында. Елде дінтану пәнін ғылым ретінде зерттеуге бағытталған мемлекеттік білім беру жүйесі бар. Бұл жүйе діни нанымдарды ашық уағыздауды және таратуды мемлекеттік деңгейде бақылауға және реттеуге көмек береді. Сонымен қатар Қырғызстан көпұлтты мемлекет және сол себебті діннің білім берудегі рөлін ұлттық құндылықтармен теңестіруге тырысады. Мемлекет дінтану пәнін мәдени және рухани білім берудің бір бөлігі ретінде зерттеуді ұсынады. Осылайша, Қырғызстандағы дінтанулық білім жалпыұлттық және мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, азаматтардың рухани дамуына көмек көрсете алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Дінтану мамандығы 4-курс Байтұрған І.А. Жетекші: ҚазҰУ аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.
www.kaznu.kz
Қырғызстандағы дінтану пәні елдің мәдени жәнебілім беру саясатының маңызды аспектісі болыптабылады. Соңғы жылдары Қырғызстанда әртүрлідіни қауымдастықтар арасындағытолеранттылықтылықты дамытуға аса қатты назар аударуда. Сондай-ақ дін бостандығын қорғаусаясаты іске асырылуда. Дінтанулық білім қоғамдағы құндылықтарды, этика мен моральды қалыптастыруда да маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Қырғызстандағы көптеген мектептер мен оқу орындары оқушылардың жалпы мәдени сауаттылығын арттыру мақсатында жалпы білім беру бағдарламасының бөлігі ретінде діни аспектілерді зерттеуге де назар аударады.Дегенмен, қазіргі дамып келе жатқан қоғам контекстінде барлық азаматтардың діни сенімдеріне қарамастан, діни және зайырлы...