Кене әскерінің Ақмолаға ойысуы
Қызылжардың жерін біржола өлшеп алуға келген инженер және Аргерей генаралдың келгенін көрген Кене хан біраз сарбаздармен барып, оларды түріп айдап шықты. Олар Николайға: «Кене бастаған қазақ батырлары бізге қарсы шықты», — деп арыз етті. Николай көп салдат жіберді.
Николай салдаттарын Кене бастаған қол бері өткізбейміз деп, қанша қолмен қарсы тұрды. Николайдың салдаты қаптап келіп қалды. Тарақты Байғозы батыр мен арғыннан Ағыбай, төртуылдан Жанайдар және тама Танаш батырлар бастаған екі жүз елу қол Николайдың салдатымен ұрыс салды.
Қызылжар басында жеті күн, жеті түн керемет ұрыс болды. Екі жақтан да адамдар көп қырылды. Батырлар оңынан да кірді, солынан да кірді. Бірсыпырасын Кене...