Елордада 100-ден аса науқасқа МӘМС арқылы тегін ота жасалды
Елордадағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігерлері түрлі жарақат пен сырқаттан кейін реконструкциялық ота жасауды қажет еткен 100-ден аса науқастың өмір сүру жағдайын қалпына келтірді. Пациенттерге бұл күрделі де қымбат оталар – жоғары мамандандырылған реконструкциялық көмек МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалады, деп хабарлайды Kazinform Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.