Сіз мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба?
Сіз мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба?Мамандық таңдау тек оқу мен диплом алу ғана емес, адамның өз өмірінде дұрыс жолын таңдауы. Көп оқушылар осы тұста асығыс шешім қабылдап, қателеседі. Артыңша уақыттарын бос өткізіп алады. Бұндай дүниеге жол бермес үшін не істеу қажет?
Мамандық таңдау тек оқу мен диплом алу ғана емес, адамның өз өмірінде дұрыс жолын таңдауы. Көп оқушылар осы тұста асығыс шешім қабылдап, қателеседі. Артыңша уақыттарын бос өткізіп алады. Бұндай дүниеге жол бермес үшін не істеу қажет?
Мектеп түлектерінің мамандық таңдауда жіберетін басты қателіктері:
— ата-ана ықпалымен таңдау;
— грантқа оңай түсетін мамандықты таңдау;
— айлығы көп мамандықты таңдау;
— саналы таңдау жасамау.
Ендігі дұрыс таңдау қалай жасауға болады?
1. Егер таңдау қиынға соғып жатса, кәсіби кеңес беру орталықтарының көмегіне жүгінуге болады.
2. Таңдаған мамандығы бойынша ЖОО-да өтетін ашық есік күніне баруға болады. Онда талапкер өзің қызықтырған сала туралы ақпарат жинайды. ...