Кентаудағы көп қабатты үйлердің тұрғындарына жылу мен жарық төлемдерінен жеңілдік жасалады
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Кентаудағы көп қабатты үй тұрғындарының жылу мен жарық төлемдеріне жеңілдік жасалады. Бұл туралы жергілікті тұрғындармен кездескен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мәлімдеді.