Өзбекстанда кісі өлімі қылмысының 40%-ға жуығы отбасылық жанжал салдарынан болған
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – 2023 жылы жасалған 363 кісі өлтіру оқиғасының 141-і немесе 38,8 пайызына отбасылық жанжалдар себеп болған. Бұл туралы Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.