Алматыдағы жер сілкінісі: Пәтер арзандап, жер үй қымбаттай ма
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жыл басынан бері 5 балл деңгейінде екі жер сілкінісі тіркелді. Біріншісі, қаңтардың 22-нен 23-не қараған түні болса, екіншісі 4 наурыз сағат 11:22-де болды. Халықтың зәресін ұшырған жер дүмпулері көпшілікті ойландырып тастады. Көпқабатты тұрғын үйде тұратындар жер үйге көшуді мықтап қолға алатын сыңайлы. Сонымен, табиғи құбылыс жылжымайтын мүлік құнына қалай әсер етеді? Тұрғын үй нарығында өзгерістер күту керек пе? Кazinform тілшісі осы сауалдарға жауап іздеп көрді.