«Қазығұрт» кеден бекетінің бірнеше қызметкері тергеліп жатыр – Антикор
АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты ақпаратпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов бөлісті.