Елімізде мәслихаттар институтының 30 жылдығына орай халықаралық конференция өтеді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Сенатта еліміздегі мәслихаттардың 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға дайындық барысы талқыланды. Осыған орай өткен жиында Палата Спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып жатқан форум сенаторлардың мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылын одан әрі арттыруды, жергілікті өкілді органдардың қызметіне қатысты маңызды мәселелерді шешуді және өңірлерді дамытуға ықпал етуді көздейтінін атап өтті.