Мәулен Әшімбаев бочча спортында жеңіске жеткен жеңімпаздарды марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM – Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев аталған паралимпиадалық спорт түрінен дәстүрлі турнирдің жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Жарыс боччадан алғашқы қазақстандық жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.