Наурызға тілек
Наурызға арналған тілек, өлең жолдары, құттықтау
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын,
Жылына бір рет келер бұл мереке
Әкелсін дастарханға құт - береке!
Бұл күні теңеледі күн менен түн
Құлаққа естіледі жағымды үн
Әкелсін тек қуаныш Наурызымыз
Бас аман, болсын бүтін бауырымыз!
Бұл күні қырғын - шайқас тоқтатылған
Бір - біріне жақсы тілек айтылған
Бұған дәлел Фирдоусидің «Шахнамасы»
Жоқ оған ешкімнің де таласы
Қанға сіңген қонақжайлық қасиет
Кісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» - деп
Дастархан жайып, жарқын жүзбенен
Күткен екен шын көңілмен, ақ ниет.
Сары майын қарынға салып баптаған,
Жал - жаясын түтінге салып қақтаған
«Ұзын Сары келгенде жейміз ғой» -...