Есік ашар
Есік ашар, есік көру, үйге кірер — әулетке жаңа мүше ретінде қосылып отырған күйеуге қатысты атқарылатын қазақтың дәстүрлі неке-отбасылық қатынасындағы жосын. Яғни күйеудің қайын жұртына алғаш баруына орай атқарылатын ғұрып.
Ғұрып барысы
Қалыңмалдың едәуір бөлігі берілген соң қыз жақтың күйеу балаға есік көруге, яғни келіп-кетіп тұруына рұқсат беріледі. Байырғы ортада қалыптасқан салт бойынша есік көруге шақырылғанша күйеудің күн жарықта келуі әдепсіздікке саналған. Сондықтан күйеу қас қарая, «күйеу келетін уақытта» келеді. Есік ашар жосыны атқарылған соң ғана күйеу жігітке қыз ауылына келіп тұруына рұқсат етіледі. Алайда, бұл күйеудің ата-енесінің үйіне кіруі дегенді білдірмейді. Кейбір өңірдің салты бойынша қалыңдық пен күйеу жігіт...