Асу Алмабаев UFC турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті
МАЙАМИ. KAZINFORM — АҚШ-тың Майами қаласында UFC 299 турнирі өтті. Онда қазақстандық спортшы Асу Алмабаев америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шықты. Үш төрешінің үшеуі де бірауыздан Алмабаевты жеңімпаз деп таныды — 30:27.