Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар
Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар. Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұзады ма? Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды.
Сұрақ: Дәрет алғанда немесе ауызды шайғанда қалған ылғалды жұту оразаны бұзады ма?
Жауап: Ауызды шайғаннан кейін ауызда қалған ылғалды түкірікпен жұту оразаны бұзбайды.
Сұрақ: Аузы берік екендігін ұмытып ішіп жесе ораза бұзылады ма?
Жауап: Бұзылмайды, есіне түскенде тоқтатуы керек.
Сұрақ: Тұмау ауруына байланысты мұрнымнан су ағуда, оны қақпай ішке қарай жұтуым оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды.
Сұрақ: Ауыздағы түкірікті, қақырықты жұту оразаны бұзады ма?
Жауап: Ешқайсысы бұзбайды.
Сұрақ: Сәре тамағын жеп болып, имсак уақытына жақын тісімді тіс пастасымен жуамын. Аузымды қанша шайғанмен дәмі аузымда сезіледі, бұл жағдай оразаны бұзады ма?
Жауап: Бұзбайды.
Сұрақ: Ораза кезінде дәрет алғанда ауызға, мұрынға суды...