Ақмолалықтар биыл Наурыз мейрамын ерекше нақышта тойлайды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында Наурыз мейрамы жаңаша, ерекше нақышта тойланады. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады.