АҚШ-тағы құлдықтың жойылуы
АҚШ-тағы құлдықтың жойылуы
Атақты теңізші Христофор Колумб батысқа Атлант мұхиты арқылы жүзсе Үндістанға жетуге болады деген идеяны алға тартып Испания Корольдігінің көмегімен Батыс экспедициясын ұйымдастырды. Осылайша, еуропалықтар Америка құрлығына тап болады. 1492 жылы Колумб Жаңа әлемге жеткеннен кейін бірнеше жыл өтіп, бұл құрлықты еуропалықтар жаулап ала бастады.
Жергілікті халық жаңа территорияларды жаулап алу кезінде жойылғандықтан (үндіс тайпалары мен эскимостар), құнарлы жерлерді игеру үшін көптеген жұмысшы қажет еді. Бұл мәселені шешу үшін еуропалықтар Африка құрлығының тұрғындарын Америка құрлығына мәжбүрлі түрде құлдыққа ала бастады. Құлдар кемелердің астындағы арнайы камераларға қамалып тасымалданатындықтан, олардың жартысынан көбі межелі жерге жеткенге дейін өліп кететін. Құл саудасымен айналысқан басқыншылар өлген...