Қоғамдық келісімді сақтауда медиацияның рөлі зор – сарапшылар
АСТАНА. KAZINFORM - Медиация терминіне тұрғындардың еті үйрене бастады. Соңғы уақытта қоғамдық келісімді арттыруда медиаторлардың зор үлес қосып жүргені аңғарылады. Бұл ретте, Астана қаласындағы Достық үйіне жиналған этно-мәдени бірлестік мүшелері, ақсақалдар кеңесі өкілдері, кәсіби медиаторлар медиацияның қоғамдағы рөлі жайлы талқылады.