Инклюзивті орта қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі – Мәулен Әшімбаев
АСТАНА. KAZINFORM — Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті.