Путинцева мен Рыбакина Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты
![Путинцева мен Рыбакина Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_358657/thumb_b/photo_120798.jpeg)
Қазақстандық екі теннисші Майамидегі турнирдің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Майамидегі турнирдің екінші айналымында ресейлік теннисші, әлемнің 15-ракеткасы Людмила Самсонованы 6:1, 4:6, 6:3 есебімен ұтты. Ол енді үшінші кезеңде германиялық Грет Минненмен кездеседі.
Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина даниялық Клара Таусонды 3:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті. Рыбакина үшінші айналымда америкалық Тейлор Таунсендпен ойнайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!