«Қара жорға» қазақ ұлтының биі ретінде ЮНЕСКО-ға тіркелген — Ербосын Нұрмұханұлы
Қазақтар арасынан шыққан танымал кәсіпкер Ербосын Нұрмұханұлы жеке бизнесін табысты жүргізіп ғана қоймай, қазақ мәдениетіне де өзіндік үлесін қосқан азамат. Атап айтсақ, ол кәсіпкер, продюсер ретінде «Қара жорға» биінің шоу бизнесте кеңінен танылуына да себеп болған. Экономист, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Е. Нұрмұханұлы ұлттық биімізге халықтың сұранысы ерекше жоғары болғанын, соның арқасында қара жорға өз бизнесіне де оң ықпал еткенін айтады.