Мәскеудегі терактіден кейін Бішкек қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен кейін Қырғызстан ІІМ ел астанасындағы сауда орталықтары мен ойын-сауық кешендерінің иелерін, әкімшілерін, сондай-ақ жеке күзет компанияларының өкілдерін азаматтар көп демалатын жерлерде сақ болуға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп күш салуға шақырды.