Қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемді өлтірді деп айыпталған Арман Жұман 7 жылға сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қару қолдану арқылы билікті асыра пайдалану бойынша (ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен) айыпталған әскери қызметші А.Жұманға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады.