Роман Скляр Ақтөбе облысы Тамды ауылының тұрғындарымен кездесті
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Алға ауданы Тамды ауылында су тасқынынан қалыптасқан жағдайды тексерді. Онда 2 мыңнан астам адам тұрады. Кеше Елек өзенінен келген су дамбыдан асып, ауылға кірген, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.