Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
ЕРЕВАН. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Ереванға Қазақстан Президенті ретінде ресми сапармен алғаш рет келіп отырғанын атап өтіп, ыстық ықыласпен қарсы алғаны үшін барша армян халқына алғыс айтты. Сондай-ақ еліміз Арменияның көне тарихына, бай мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.