Газадағы құрбандар саны 33 843-ке жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері жалғасқан басқыншылық әрекеті салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 33 843-ке жетіп, 76 575 адам жараланды. Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Anadolu агенттігі.