Пестицидтер суицидке себеп болуы мүмкін — ғалым
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлем ғалымдары пестицидтердің кері әсеріне ұшыраған адамдар суицидке бейім болатынын анықтады. Бұл туралы Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шара барысында Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының Басқарма төрағасы Бақытжан Дүйсембеков айтты.