ХХ ғасырдың басында қазақтардың арасында тұрған ағылшынның естеліктері алғаш рет қазақша шықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алғаш рет қазақ және орыс тілдеріне аударылған ағылшын инженері, өткен ғасырдың басында дала өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын кәсіпкері, Лондон кен өндіру компаниясын басқарған Эдвард Нельсон Феллдің (1857-1928 жж) «Русия һәм көшпелілер. Қазақ даласы туралы хикаялар» атты еңбегі қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Осыған орай кітапты жарыққа шығарған азамат, бірнеше кітаптың авторы, AmalBooks баспа үйінің жетекшісі Бақытжан Бұқарбайды әңгімеге тартқан едік.