Кездесу
Сахналық қойылым, салт-дәстүр туралы, қамшы туралы, Кездесу, Көмек Ыбрайұлы, шашбау туралы
(Сахналық қойылым)
Сахнаға бір қыз шығады. Жай естілген әуеннің ырғағымен билей басып иінағашпен әкеле жатқан суы бар. Ортаға келіп, екі шелегін жерге қойып, жан-жағына наздана қарайды. Шолпысын түзеп, бойын сәндейді. Сахнаға Құндыз, Назым атты екі қыз шығады.
Құндыз: Айсұлу, қайдан келесің? Мынауың не? (иінағашты нұсқайды)
Назым: Қандай әдемі болып кеткенсің! Шашыңа не тағып алғансың?
Екі қыз Айсұлуды шыр айналдырып, қызықтайды.
Айсұлу: Ім...м... Мен бүгін мүшел жасқа толдым, қыздар. Шашыма тағып алғаным - шашбау. Білесіңдер ме, мұны әжем маған сақтап қойған екен. Өзінің бойжеткен қыз кезінде таққан шашбауы көрінеді. Ол кісіге де әжесі берген екен. Алтын мен күмістен араластырылып салынған өрнектері...