Кімнің мекені жақсы?
Кімнің мекені жақсы ертегі, Сәкен Жүнісов, Құрбақа, тышқан, құмырсқа , Кімнің мекені жақсы
Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуі кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты. Құрбақа секіріп, тышқан жорғалап, құмырсқа қыбырлап ұзақ жүрді. Талай шұңқыр, талай төмпешік артта қалды.
Ақыры олар кішкентай шалшық суға кез болды. Шалшықтың маңынан борсыған иіс келеді. Шет жағында жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтаннан басқа бұл маңда ештеңе көрінбейді.
— Дүниедегі ең бір қолайсыз жер осы болар-ау, иісі қандай сасық еді, қолқаңды қабады, — деп тышқан мұрнын тыржитты да, көкқұтанның қасына келді.
— Көкқұтан, көкқұтан, жер бетінде кімнің мекені жақсы, кімнің қонысы жайлы? — деп сұрады.
Көкқұтан мойнын паңдана бұрды да, тышқанды сөге бастады:...