Биыл Астанада мыңнан астам адам қызылша жұқтырды
АСТАНА. KAZINFORM – 21-27 сәуір күндері елордада иммундау апталығы өтеді. Астананың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, профилактикалық егулер арқылы қазір дифтерия, сіреспе, полиомиелит, қызамық, құтыру, В типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекциялар жоқ, ал паротит жекелеген жағдайлар түрінде тіркеледі.