Отанының құрбаны…
Мен - Отанымнің құрбаны… алты баланың анасы, Совет Одағында тұрамын.
Мен - Отанымның құрбаны... алты баланың анасы, Совет Одағында тұрамын. Отаным - Советтер Одағы. Бірақ менің шыққан тобым - Совет Одағынан талай таяқ жеген тап. Өзім де бірталай тойтарысты көрдім... Революцияның алғашқы күндерінде он бес жасар қыз едім. Сол он бес жасымнан бастап, осы күнге шейін (38 жыл) жаныма бір де тыныштық болмады... Қыз күнімде (революцияның алғашқы жылында) туып-өскен қаламызды Совет Одағының қысымына шыдай алмай, тастап кетуге мәжбүр болдық. Іргеміз сөгілген соң, ерге де ерте шықтым (он алты жасымда). Ерім - ақылды, батыл, өз халқын сүйетін қазақ халқының белді, беделді ағартушысы еді. Ерімді ешбір жазықсыз, «ұлтшыл» деген оймен...